Polaris PWK 1718 CAL User Manual

Page of 22
 
17 
 
Назар  аударыңыз!  Құралды  ванна,  шұңғылша  немесе  сумен  толтырылған  басқа 
ыдыстардың қасында   пайдалануға болмайды. 
 
Құралды  суға  немесе  басқа  сұйықтыққа  салуға    мүлдем  болмайды.    Ылғал  қолмен  құралды 
ұстауға болмайды.  Құрал дымқылданса, бірден желіден ажыратыңыз.   
 
Құрал  суға  түсіп  кеткен  жағдайда,  оны  бірден  желіден  ажыратыңыз.    Және  бұл  кезде  қолды 
суға  малуға  болмайды.  Құралды  екінші  мәрте  пайдаланудың  алдында  оны  білікті  маман 
тексеріп шығуы керек.  
 
Құралды тек қана ауыспалы ток көзіне қосыңыз (~). Құралды қоспас бұрын, құралдың кернеуі 
желіде қолданылатын кернеуге сай келетіне  көз жеткізіңіз. 
 
Құралды  тек қана жерге тұйықталған желіге қосыңыз. Сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету 
үшін    үшін    жерге  тұйықтау    бекітілген  электротехникалық    нормаларға  сәйкес  келуі  тиіс. 
Стандартты емес қоректендіру көздерін немесе қосу құрылғыларын  пайдалануға болмайды. 
Ұзартқышты  қолданғанда оның  жерге тұйықтағандығына көз жеткізіңіз. 
 
Кез келген ақау бола тұра құралды іске қосу Сізді кепілдікті қызмет көрсету  құқығынан 
айырады. 
 
Құралды желіге қоспас бұрын, оның  «ӨШІРУ» белгісінде  тұрғанына көз жеткізіңіз.   
 
Құралды  бөлмежайдан  тысқары  жерде  пайдаланбаңыз.  Құралдың  сүйiр  бұрыштарға 
соғылуынан сақтаңыз. 
Пайдаланып болғаннан кейін, тазартқанда немесе құрал сынып қалса  
әрдайым  оны желіден ажыратыңыз. 
 
Құралды    желілік  сымынан  ұстап  тасымалдауға  болмайды.  Сондай-ақ,  желілік  сымнан  ұстап  
желіден  ажыратуға  тыйым  салынады.  Құралды    желіден  ажыратқанда  штепсель    ашасынан 
ұстаңыз.   
 
Құралдың  жеткізілім  жиынтығына  кірмейтін  қосымша  аксессуарларды  пайдалану  Сізді 
кепілдікті қызмет көрсету құқығынан  айырады.  
 
Пайдаланып  болғаннан  кейін,    электрмен  қоректендіру  сымын  құралды  айналдыра  орауға 
болмайды, себебі,   уақыт өте келе бұл сымның  үзілуіне әкеп соғуы мүмкін.  Қашанда сақтау 
үшін сымды  жақсылап жазып, тарқатыңыз. 
 
Сымды тек қана білікті  мамандар – қызмет көрсету орталығының қызметкерлері ғана ауыстыра 
алады.  Біліктілілігі  жоқ  тұлға  тарапынан  жасалған  жөндеу  қолданушыны    қауiп-қатерге 
ұшыратуы  мүмкін. 
 
Құралды  өз  бетіңізбен  жөндеуге  болмайды.  Жөндеуді  қызмет  көрсету  орталығының    білікті 
мамандары ғана жүзеге асыруы керек.  
 
Құралды  жөндеу үшін тек қана түпнұсқа қосалқы  бөлшектер  пайдаланылады. 
 
 
Осы  құралдың  қауіпсіздігі  жөніндегі  арнайы  нұсқаулар 
 
 
Шәйнекті тек қана  суды  жылыту үшін қолданыңыз. Шәйнекті  басқа сұйықтықпен  ешқашан 
толтырмаңыз. 
 
Ешқашан да  суы жоқ шәйнекті қоспаңыз.  
 
Назар  аударыңыз!  Сіздің  шәйнегіңіз  күйіп  кетуден  сақтандыру  жүйесімен    жабдықталған. 
Егер  шәйнектің  ішінде  су  аз  немесе  жоқ  болса,  оны  қосқан  кезде,  ол  қызып  кететкенінен 
автоматты  түрде    сөнеді.  Егер  бұл  орын  алса,  шәйнек  суығанша  кем  дегенде  жарты  сағаттай 
күте тұрыңыз,  содан кейін су құюға болады. 
 
Тек қана ішуге жарамды суық суды құйыңыз.  
 
Шәйнекті қабырғаға таяу, бөлменің бұрышына, салбырап тұрған тақтайлардың немесе ас үйлік 
шкафтардың астына  қоймаңыз. 
 
Шәйнекті тек қана термоберік, құрғақ және тегіс қабатқа  орналастырыңыз.  
 
Шәйнекті max  белгісінен асыра және  min белгісінен төмен толтырмаңыз.  Егер шәйнекке су  
тым көп құйылса, ол қайнаған кезде оның шүмегінен  су шашырап, ағып кетеді.   
 
Салбырап  тұрған  сымдар  оқыс  оқиғалардың    себепкері  болуы  мүмкін,  әсіресе,  егер  сымды 
балалар  тартқылаған  болса.  Шәйнекті  үстелдің  шетінен/жұмыстық  қабаттан  барынша  алыс   
жұмыстық қабатқа қойыңыз.