Polaris PWK 1718 CAL User Manual

Page of 22
 
18 
 
Ешқашан шәйнекті қақпақсыз  қолданбаңыз және  қызу кезінде қақпақтың мұқият жабылғанын  
қадағалаңыз. 
 
Шәйнек түпқоярда тұрған кезде оған ешқашан су құймаңыз. 
 
Құрал жұмыс істеп тұрғанда ешқашан қадағалаусыз қалдырмаңыз. 
 
Шәйнектің сыртқы бетінен ұстамаңыз   (өйткені ол қосылғаннан кейін қатты қызады), сондай-
ақ қақпақтан шығып тұрған буға қолыңызды төсемеңіз.   Шәйнекті тек тұтқасынан  ұстаңыз. 
 
Суды шәйнектен абайлап құйыңыз.  Ішінде ыстық судың барын есіңізде ұстаңыз.   
 
Егер шәйнек, қоректендіру түпқояры, сым немесе ашасы ақаулы болса, құралды қолданбаңыз. 
 
Шәйнекті жылу көзінің қасына қоймаңыз (өйткені құралдың сыртқы беті  бүлінуі мүмкін). 
 
Қоректендіру  түпқоярының  электр  жалғағыштарына,  сымға,  ашаға  немесе  ауыстырып-
қосқышқа  судың  тиіп кетпеуін қадағалаңыз. 
 
Қоректендіру  түпқояры    тек  қана    POLARIS  шәйнегімен  қолданылады,  сондай-ақ,  шәйнек  те 
жинаққа кіретін түпқоярмен ғана қолданылады. 
 
Шәйнекті түпқоярға орналастыру кезінде  қосу тетігі  ӨШІРУ белгісінде  тұруы тиіс. 
 
 
Пайдалану саласы 
 
Құрал  осы  Нұсқаулыққа  сәйкес,  тек  қана    тұрмыста  қолдануға    арналған.  Құралды  өнеркәсіптік 
мақсатта  пайдалануға болмайды.  
Өндіруші осы нұсқауда қарастырылмаған немесе дұрыс пайдаланбаған жағдайдың нәтижесінде 
туындаған  залал үшін жауапты емес. 
                                                  
Құралдың сипаттамасы 
 
  
                                                 
   
 
 
 
1.  Сүзгіш. 
2.  Құралдың қақпағы. 
3.  Қақпақты ашу батырмасы. 
4.  Құралдың тұтқасы.    
5.  Су деңгейін көрсететін шкаласы.  
6.  ҚОСУ/ӨШІРУ  ауыстырып-қосқышы.      
7.  Құралдың негізі.