Polaris PWK 1718 CAL User Manual

Page of 22
 
19 
Жинақталуы 
 
1.  Құрал. 
2.  Түпұқояр. 
3.  Сүзгі. 
4.  Пайдаланушының нұсқаулығы. 
5.  Қызмет көрсету орталықтарының тізімі. 
6.  Кепілдік  талон. 
 
Жұмысқа дайындау және пайдалану 
 
 
Барлық орайтын материалдарды құралдың ішінен және сыртынан алып тастаңыз.  Құралдың 
сыртқы бетінен   барлық жапсырмаларды алыңыз. 
 
Түпқоярды тегіс қабатқа орнатыңыз. 
 
Қыздыруға арналған сыйымдылықты бірнеше рет суық сумен шайыңыз.  
 
Шәйнекке қажетті мөлшерде су  құйыңыз. 
 
Шәйнекті  түпқоярға  орнатыңыз.    Ашаны    розеткаға  қосыңыз.    «ҚОСУ/ӨШІРУ»  (On/Off) 
батырманың  көмегімен  шәйнекті  қосыңыз,  содан  кейін  жұмыс  индикаторы    жанады.  Су 
қайнаған кезде  шәйнек автоматты түрде сөнеді. 
 
Алғаш  рет  пайдаланар  алдында  шәйнектің  ішін  тазарту  үшін  екі  рет  су  қайнатып  алып, 
қайнаған суды төгіңіз.  
 
Шәйнектің  сөнгеніне  көз  жеткізіңіз  немесе  оны  түпқорядан  алмас  бұрын,  су  құю  үшін 
қолыңызбен сөндіріңіз.   
 
Бір рет қайнатқан суды екінші рет қайтара қайнатпаңыз. 
 
Суды шәйнектен абайлап құйыңыз. Ішінде ыстық су бар екенін есіңізде ұстаңыз.  
 
Шәйнек сөнгеннен (суығаннан)  кейін 15-20 секунд өткесін шәйнекті қайтадан пайдалануға 
болады. 
 
 
Тазарту және күту 
  
Құралды тазарту: 
 
 
Тазартудан бұрын әрдайым құралды сөндіріп,  суытыңыз. 
 
Шәйнекті, сымды, ашаны немесе  қоректендіру түпқоярын суға салмаңыз және ағып 
тұрған судың астында ұстамаңыз
 
Электр  қосылысына судың тамып кетпеуін әрдайым қадағалаңыз. 
 
Құралдың сыртын алдымен дымқыл  шүберекпен, содан кейін құрғақ сулықпен  сүртіңіз. 
Абразивті жуғыш құралдарды және  метал талшықтардан жасалған  тырмалайтын губкаларды  
қолданбаңыз.    
 
Құрал  сумен жанаспайтын, көзден таса орнатылған,  қыздыру элементімен  жабдықталған. 
Бұндай конструкция  шәйнектің ішкі қабатын тазарту қажеттілігін азайтуға мүмкіндік береді.  
 
Көп  мәрте  қолданылатын  алынбалы  сүзгі    оқтын-оқтын  тазартып  тұруды  қажет  етеді.  
Тазартудың  жиілігі  судың  қаттылығына  және  құралды  пайдалану  жиілігіне    байланысты.  
Тазарту сүзгіде қақ тұрып қалғанда және шәйнекте судың ағуы қиындағанда өткізіледі. 
 
Су  тым  қатты  болса,  қақ  пен  тұнбалар  қайнауға  арналған  сыйымдылықта  да  түзілуі  мүмкін.  
Бұл жағдайда  қақтан тазарту қажет.