Samsung WW9000H Стиральная Машина, Технология Auto Optimal Wash, 10 кг User Manual

Page of 224
Казақ - 49
АҚА
УЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ
Ақаулықты түзету
Тексеру
Егер кір жуғыш машинаға қатысты ақау пайда болса, әуелі келесі кестені қарап, ұсыныстарды пайдаланып көріңіз.
Ақаулық
Шешімі
Кір жуғыш машина іске 
қосылмайды.
•  Кір жуғыш машинаның тоққа қосылып тұрғанына көз жеткізіңіз.
•  Есіктің дұрыс жабылғанын тексеріңіз.
•  Су шүмегінің ашық тұрғанына көз жеткізіңіз.
•  Негізгі дисплейден 
Пуск (Бастау) түймешігін қайта басыңыз.
Су жеткіліксіз құйылады 
немесе мүлдем 
құйылмайды.
•  Судың шүмегін толық ашыңыз.
•  Су құятын түтіктің қатып қалмағанына көз жеткізіңіз.
•  Су құятын түтіктің майысып немесе бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
•  Су құятын түтіктің сүзгісін тазалаңыз.
Кір жуғыш машина 
дірілдейді немесе қатты 
шуыл шығарады.
•  Кір жуғыш машинаның тегіс еденге орнатылғанына көз жеткізіңіз. Егер еден 
тегіс болмаса, деңгейін реттеу үшін деңгейлегіш тіректерді пайдаланыңыз.
•  Тасымал болттарының алынып тұрғанына көз жеткізіңіз.
•  Кір жуғыш машинаның ешбір затқа тиіп тұрмағанына көз жеткізіңіз.
•  Кір салмағының теңгерімі дұрыс екеніне көз жеткізіңіз.
Кір жуғыш машина су 
төкпейді және/немесе 
айналдырмайды.
•  Су төгетін түтіктің су төгетін жүйеге дейін түзу сызық бойымен төселгеніне көз 
жеткізіңіз.
•  Қоқыс сүзгісінің ластанып қалмағанына көз жеткізіңіз.
Есік ашылмайды.
•  Кір жуғыш машинаның жұмысын тоқтату үшін 
Пуск (Бастау) түймешігін 
басыңыз.
•  Егер зарарсыздандыру режимі қосылып тұрса, қыздыру циклы кезінде есік 
құлыпталып тұрады.
•  Бекіту механизмін ағыту үшін бірнеше секунд қажет болуы мүмкін.
Кір жуғыш машинада көп 
көпіршік пайда болады.
•  Автоподача моющего средства (Авт. жуғыш зат) және Автоподача 
кондиционера (Авт. мата жұмсартқыш) параметрлерінің дұрыс көрсетілгеніне 
көз жеткізіңіз.
•  Ұсынылған жуғыш заттарды пайдаланыңыз.
Қосымша жуғыш зат қоса 
алмадым,
•  Қалған жуғыш зат пен мата жұмсартқыштың мөлшерін тексеріп, олардың 
шегіне жеткеніне көз жеткізіңіз.
•  Автораспределитель (Авт. құю) функциясының Жесткость воды (Судың 
кермектігі) мен Концентрация (Концентрация) параметрлерінің дұрыс 
көрсетілгеніне көз жеткізіңіз.
Ақаулық сонда да жойылмаса, Samsung қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Untitled-14   49
2016-02-04     5:54:53