Samsung MS22M8074AT User Manual

Page of 144
Казақ 
5
Қауіпсіздік нұсқаулары
Қауіпсіздікті сақтауға қатысты жалпылама ескертулер
Кез келген өзгеріс енгізу немесе жөндеу жұмыстарын білікті маман ғана орындауға тиіс.
Тұмшаланған сауыттардағы тағамды немесе сұйықты микротолқын функциясымен қыздырмаңыз.
Пешті бензол, сұйылтқыш, алкоголь, бумен немесе жоғары қысыммен тазалағыш заттармен 
тазаламаңыз.
Пешті қыздырғыштың, тұтанғыш заттың қасына орнатпаңыз; ылғалды, майлы немесе шаңды жерге 
қойып немесе күн сәулесі тура түсетін және су ағатын немесе газ шығуы мүмкін жерге, тегіс емес 
жерге қоймаңыз.
Бұл пешті жергілікті және мемлекеттік стандарттарға сай жерге дұрыс тұйықтау керек.
Пештің ашасы қосылатын ағытпалар мен контакт түйіспелеріндегі қоқыстарды тазалау үшін құрғақ 
шүберекті жиі пайдаланыңыз.
Қуат сымын қатты тартпаңыз, майыстырмаңыз немесе оның үстіне ауыр зат қоймаңыз.
Газ жылыстап шықса (мысалы, пропан, сұйылтылған газ т.б.) бөлмені дереу желдетіңіз. Қуат сымына 
қол тигізбеңіз.
Қуат сымын дымқыл қолмен ұстамаңыз.
Пеш жұмыс істеп тұрғанда, қуат сымын желіден ағытып сөндіруге болмайды.
Саусақтарыңызды немесе бөгде затты сұқпаңыз. Егер пешке бөгде зат кіріп кетсе, ашаны розеткадан 
суырыңыз да, жергілікті Samsung қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Пешке шамадан тыс күш салмаңыз немесе баспаңыз.
Пешті осал заттардың үстіне қоймаңыз.
Кернеу, жиілік және тоқ параметрлерінің, техникалық параметрлерге сай келетініне көз жеткізіңіз.
Ашаны қабырғадағы розеткаға мықтап сұғыңыз. Көп ашалы адаптерді, ұзартқыш сымдарды немесе 
электр трансформаторын қолданбаңыз.
Қуат сымын металл заттарға іліп қоймаңыз. Қуат сымының заттардың арасында немесе пештің 
артында болуын қамтамасыз етіңіз.
Бүлінген қуат ашасын, қуат сымын немесе босап қалған розетканы қолданбаңыз. Зақым келген қуат 
ашалары немесе сымдары үшін жергілікті Samsung қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Пешке су құюға немесе суды тура бүркуге болмайды.
Пештің үстіне, ішіне немесе пеш есігінің үстіне зат қоймаңыз.
Құрт-құмырысқаларды құртуға арналған бүріккіш тәрізді тұтанғыш затты пешке шашпаңыз.
Пештің ішіне тұтанғыш зат салып сақтауға болмайды. Құрамында алкоголі бар тағамды немесе 
сусындарды қыздырған кезде өте сақ болыңыз, себебі алкоголь буы пештің ыстық бөліктеріне тиіп 
кетуі мүмкін.
Балалар есікке соғылып қалуы немесе саусақтарын қыстырып алуы мүмкін. Есікті ашып/жапқанда, 
балаларды алыс ұстаңыз.
Микротолқынға қатысты ескерту
Сусындарды микротолқынмен қыздырғанда кенет тасып төгілуі мүмкін, сондықтан сауытты әрқашан 
абайлап ұстау керек. Сусындарды әрқашан 20 секунд қоя тұрғаннан кейін алыңыз. Қажет болса, 
қыздыру барысында араластырыңыз. Қыздырып болғаннан кейін әрқашан араластырыңыз.
Бу шалып кетсе, төмендегі алғашқы жәрдем нұсқауларын орындаңыз:
1.  Бу шалып кеткен жерді кем дегенде 10 минут суық суға малыңыз.
2.  Таза, құрғақ дәкемен жабыңыз.
3.  Ешбір крем, май немесе лосьон жақпаңыз.
Науаға немесе торға зақым келтірмеу үшін тағам пісіріп болғаннан кейін суға дереу салмаңыз.
Пешті тағамды майға батырып қуыру үшін пайдаланбаңыз, себебі, май температурасын бақылау 
мүмкін емес. Нәтижесінде ыстық май тасып төгілуі мүмкін.
Untitled-17   5
3/13/2017   11:14:10 PM