Samsung Цветное МФУ Xpress SL-C1860FW (18 стр/мин) Manual De Usuario

Descargar
Página de 445
267
2.  Желіге қосылған құрылғыны пайдалану
NFC мүмкіндігін пайдалану
NFC (Near Field Communication) принтері мобильдік құрылғыңызды 
принтеріңіздегі NFC белгісінің үстінде ұстап тұру арқылы 
құрылғыңыздан тікелей басып шығаруға/сканерлеуге/факс жіберуге 
мүмкіндік береді. Ол үшін басып шығару драйверін орнату немесе 
қатынас орнына қосылуды қажет етпейді. NFC қолдайтын мобильді 
құрылғы ғана қажет. Бұл функцияны пайдалану үшін Samsung Mobile 
Print қолданбасын мобильді құрылғыңызға орнату қажет. 
 
• Мобильді құрылғы қақпағының материалына байланысты, NFC 
анықталуы дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
• Пайдаланылған мобильді құрылғыға байланысты, тарату 
жылдамдығы өзгешеленуі мүмкін.
• Бұл функция тек NFC белгісі бар үлгілер үшін қолжетімді (25-
• Мобильді құрылғымен бірге жіберілгеннен басқа қақпақ не 
батареяны немесе қақпақ/жапсырманы пайдалану NFC 
құрылғысын бұғаттауы мүмкін.
• Егер NFC құрылғылары байланыс орната алмаса, ұялы 
құрылғыдан батареяны алып тастап, қайта орнатыңыз да, 
əрекетті қайталаңыз.
 
27 
Талаптар
NFC жəне Wi-Fi Direct қосылған, Samsung Mobile Print қолданбасы 
орнатылған, Android OS 4.0 немесе одан кейінгі нұсқадағы 
мобильді құрылғы. 
 
Android OS 4.1 немесе одан кейінгі нұсқа ғана NFC мүмкіндігін 
қосқанда мобильді құрылғыңызда Wi-Fi Direct мүмкіндігін 
автоматты түрде қосады. NFC мүмкіндігін пайдалану үшін 
мобильді құрылғыңызды Android OS 4.1 немесе одан кейінгі 
нұсқаға жаңартқан жөн.
 
Wi-Fi Direct функциясы қосылған принтер (260-беттегі "Wi-Fi Direct 
желісін орнату" 
бөлімін қараңыз).