Samsung RS57K4000SA Manuel D’Utilisation

Page de 160
Казақ 11 
Қауіпсіздік туралы ақпарат
Пайдалану кезіндегі сақтық шаралар
АБАЙЛАҢЫЗ
•  Мұздатылған тағамды әбден жібітіп болғаннан кейін қайта мұздатпаңыз. Мұздатқыш бөлікке газдалған 
немесе көпіршитін сусындарды қоймаңыз. Бөтелке немесе шыны сауыттарды мұздатқыш бөлікке 
қоймаңыз.
 - Ішіндегісі мұздаған кезде шыны сынып, адам жарақат алуы мүмкін.
•  Тоңазытқыштағы мұз жасағышты ғана пайдаланыңыз.
•  Тоңазытқыштың сумен жабдықтау жүйесін тек ауыз су құбырына ғана қосыңыз. Мұз жасағыш дұрыс 
жұмыс жасау үшін судың қысымы 20 ~ 125 psi (138 ~ 862 кПа) болуы керек. Үйден ұзақ уақытқа кетіп 
бара жатсаңыз (мысалы, демалысқа) және су немесе мұз диспенсерлерін пайдаланбайтын болсаңыз, 
судың кранын жабыңыз.
 - Себебі, су ағуы мүмкін.
•  Тоңазытқышты ұзақ уақыт (3 апта не бұдан көп) пайдаланбайтын болсаңыз, тоңазытқышты 
соның ішінде, мұз себетін босатып, ток көзінен ағытып, судың кранын жауып, ішкі қабырғалардың 
беттеріндегі ылғалды сүртіп, иіс және зең пайда болмас үшін есікті ашық қалдырыңыз.
•  Құрылғының барынша жақсы жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін:
 - Тағамдарды тоңазытқыштың артқы жағындағы желдеткіш саңылауларға тым жақын қоймаңыз, 
себебі тоңазытқыш бөліктің ішіндегі ауаның еркін айналуына кедергі жасайды.
 - Тағамды тоңазытқышқа қояр алдында, дұрыс ораңыз немесе ауа кірмейтін сауыттарға салыңыз.
 - Мұздатқыш бөлікке шыны шөлмектерді немесе газдалған сусындарды қоймаңыз. Мұздап, 
жарылып кетуі мүмкін. Сынған сусынның ыдыстары жарақат алуға себеп болуы мүмкін.
 - Мұздатылған тағамдардың ең ұзақ сақтау уақыты мен жарамдылық мерзіміне назар аударыңыз.
 - Үш аптадан аз уақытқа кететін кезде тоңазытқышты тоқтан ажыратудың қажеті жоқ. Дегенмен, үш 
аптадан ұзақ уақытқа кетіп бара жатсаңыз, барлық тағамдарды және мұз себетіндегі мұзды алып, 
тоңазытқышты ток көзінен ағытып, судың кранын жауып, ішкі қабырғалардың беттеріндегі ылғалды 
сүртіп, иіс және зең пайда болмас үшін есікті ашық қалдырыңыз.
•  Мұздатқыш бөлікке стакандарды немесе шөлмектерді немесе газдалған сусындарды қоймаңыз.
 - Сауыт мұздап, жарылып кетіп, адам жарақат алуы мүмкін.
•  Мұздатқыш бөлікке газдалған немесе көпіршитін сусындарды қоймаңыз. Бөтелке немесе шыны 
сауыттарды мұздатқыш бөлікке қоймаңыз.
 - Ішіндегісі мұздаған кезде шыны сынып, адам жарақат алуы немесе мүлікке зиян келуі мүмкін.
•  Қызмет кепілдігі және өзгерту.
 - Бұл дайын құрылғыға 3-ші тарап енгізген кез келген өзгеріске Samsung тарапынан кепілді қызмет 
көрсетілмейді, сондай-ақ, Samsung 3-ші тарап енгізген өзгертуден туындаған, қауіпсіздікке қайшы 
жағдайлар үшін жауапкершілік көтермейді.
•  Тоңазытқыштың ішіндегі ауа саңылауларын бітемеңіз.
 - Ауа саңылаулары бітелсе, әсіресе пластик қалтамен бітелсе, тоңазытқыш қатты салқындап кетуі 
мүмкін. Салқындату циклы өте ұзаққа созылса, су сүзгісі сынып, су ағып кетуі мүмкін.
•  Тоңазытқышпен бірге жеткізілген мұз жасағышты ғана пайдаланыңыз.
Untitled-32   11
2016-03-17     6:17:52