Samsung RS57K4000SA Manuel D’Utilisation

Page de 160
Казақ 13 
Қауіпсіздік туралы ақпарат
•  Бензол, сұйылтқыш немесе Clorox, хлоридті пайдаланып тазаламаңыз.
 - Себебі бұндай заттар құрылғының беткі қаптамасын бүлдіруі және өрт шығаруы мүмкін.
•  Үлестіргіш тесікке ешқашан саусақтарыңызды немесе басқа заттарды сұқпаңыз.
 - Адам жарақат алуы немесе мүлікке нұқсан келуі мүмкін.
•  Тазалау немесе күтім көрсету жұмыстарын іске асырмай тұрып, құрылғыны розеткадан ағытыңыз.
 - Бұлай істемесеңіз, электр қатері немесе өрт пайда болуы мүмкін.
Құрылғыны қоқысқа тастауға қатысты қатаң ескертулер
ЕСКЕРТУ
•  Бұл құрылғының орам материалдарын қоршаған ортаға зиян келтірмейтін етіп тастау керек.
•  Құрылғыны қоқысқа тастар алдында, артқы түтіктерінің ешбіріне зақым келмегеніне көз жеткізіңіз.
•  Салқындатқыш ретінде R-600a немесе R-134a пайдаланылған. Тоңазытқышыңызда қандай 
тоңазытқыш сұйық қолданылғанын, құрылғының артындағы компрессордың жапсырмасынан немесе 
құрылғының ішіндегі техникалық ақпарат тақтайшасынан қараңыз. Бұл тоңазытқышта тұтанғыш газ 
(R-600a салқындатқышы) бар болса, өнімді қауіпсіз етіп тастау үшін жергілікті уәкілетті мекемеге 
хабарласыңыз.
•  Бұл тоңазытқышты тастаған кезде, кішкене балалар немесе жануарлар қамалып қалмас үшін 
тоңазытқыштың есігін/есігінің тығыздағышын және есігінің бекітпесін ағытып алыңыз. Балаларды 
құрылғымен ойнамас үшін қадағалап отыру керек. Бала ішіне қамалып қалса, жарақат алуы немесе 
тұншығып мерт болуы мүмкін.
 - Бала қамалып қалса, жарақат алуы және тұншығып мерт болуы мүмкін.
•  Оқшаулау үшін циклопентан қолданылған. Оқшаулау материалындағы газды тастау үшін арнайы 
қоқысқа тастау шарасын орындау керек. Осы құрылғыны қоршаған ортаға залал тигізбейтін етіп 
тастау үшін жергілікті уәкілетті мекемеге хабарласыңыз.
•  Орам материалдарының барлығын балалардың қолы жетпейтін жерде ұстаңыз, себебі орам 
материалдары балалар үшін қауіпті болуы мүмкін.
 - Бала басына қалтаны киіп алса, тұншығып қалуы мүмкін.
Untitled-32   13
2016-03-17     6:17:52