Samsung RS57K4000SA Manuel D’Utilisation

Page de 160
Қауіпсіздік туралы ақпарат
Казақ
12 
Қауіпсіздік туралы ақпарат
•  Ішіндегі артық ылғалды сүртіңіз де, есіктерін ашық қалдырыңыз.
 - Әйтпесе, жағымсыз иіс, зең пайда болуы мүмкін.
•  Тоңазытқыш электр желісінен ағытылып қалса, қайта қосар алдында кемінде бес минут күтіңіз.
•  Ұзақ демалысқа кетуді жоспарласаңыз немесе тоңазытқышты ұзақ уақыт (3 апта не бұдан көп) 
пайдаланбайтын болсаңыз, тоңазытқышты соның ішінде, мұз себетін босатып, ашасын ток көзінен 
ағытып, судың кранын жауып, ішкі қабырғалардың беттеріндегі ылғалды сүртіп, иіс және зең пайда 
болмас үшін есіктерді ашық қалдырыңыз.
•  Тоңазытқыш су болып қалса, ашасын розеткадан суырып, Samsung Electronics қызмет көрсету 
орталығына хабарласыңыз.
•  Шыны беттің ешқайсысын соқпаңыз немесе оған шамадан тыс көп күш салмаңыз.
 - Сынған шыны адамға зақым және/немесе мүлікке зақым келтіруі мүмкін.
•  Су сауыты мен мұз текшесінің науаларын ауыз суымен ғана толтырыңыз (кран суы, минералды су 
немесе тазартылған су).
 - Сауытқа шай немесе спорт сусындарын құймаңыз. Себебі тоңазытқышқа зақым келтіруі мүмкін.
•  Саусақтарыңыз қыстырылып қалмау үшін абай болыңыз.
•  Құрылғыны су басып кетсе, дереу электр желісінен ағытыңыз да, жақындағы қызмет көрсету 
орталығына хабарласыңыз.
 - Өрт шығуы немесе электр қатері орын алуы мүмкін.
•  Бұл құрылғыда тұтанғыш зат толтырылған аэрозоль сауыты тәрізді жарылғыш заттарды сақтамаңыз.
Тазарту кезіндегі сақтық шаралары
АБАЙЛАҢЫЗ
•  Тоңазытқыштың ішкі немесе сыртқы бетіне су шашпаңыз.
 - Электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.
•  Тоңазытқыштың ішін құрғату үшін шаш кептіргішті қолданбаңыз.
•  Тоңазытқыштың ішіндегі жағымсыз иісті кетіру үшін жанып тұрған шам қоймаңыз.
 - Себебі электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.
•  Тазалағыш құралдарды бейнебетке тура шашпаңыз.
 - Бейнебетке басылған қаріптер түсіп қалуы мүмкін.
•  Құрылғыға су тәрізді бөгде зат кіріп кетсе, ашасын розеткадан суырып, ең жақын қызмет көрсету 
орталығына хабарласыңыз.
 - Бұлай істемесеңіз, электр қатері немесе өрт пайда болуы мүмкін.
•  Қуат ашасының істікшелеріндегі бөгде затты немесе шаңды тазалау үшін таза, құрғақ шүберекті 
пайдаланыңыз. Ашаны тазалаған кезде су немесе дымқыл шүберекті қолданбаңыз.
 - Себебі өрт шығуы немесе электр тогы соғуы мүмкін.
•  Құрылғыға тура су шашып тазалауға болмайды.
Untitled-32   12
2016-03-17     6:17:52