Samsung RS57K4000SA Manuel D’Utilisation

Page de 160
Қауіпсіздік туралы ақпарат
Казақ
14 
Қауіпсіздік туралы ақпарат
Құрылғыны дұрыс пайдалануға арналған қосымша кеңес
•  Ток сөніп қалған жағдайда, жергілікті электрмен жабдықтау компаниясына қоңырау шалып, электр 
тогының қанша уақыт болмайтынын сұраңыз.
 - Ток бір немесе екі сағат ішінде қалпына келсе, тоңазытқыш температурасына әсер етпейді. 
Дегенмен, ток сөніп тұрған кезде тоңазытқыштың есігін барынша аз ашу керек.
 - Ток 24 сағаттан көп сөнсе, мұздатылған тағамдардың барлығын алыңыз да, тастаңыз.
•  Құрылғыны температурасы бұл құрылғы жұмыс істейтін ортаның температурасынан үнемі төмен 
болатын жерге ұзақ уақыт қойсаңыз, тоңазытқыш бір қалыпты (мұздатылған тағам еріп кетуі немесе 
мұздатылған тағам бөлігіндегі температура тым төмендеп кетуі) жұмыс істемеуі мүмкін.
•  Тағамдардың кей түрлерін тоңазытып сақтаған кезде, тағам сапасына қарай дұрыс сақталмауы 
мүмкін.
•  Құрылғыңызға мұз қатпайды, басқаша айтқанда, құрылғының мұзын қолдан жібітудің қажеті жоқ. Бұл 
әрекет автоматты түрде орындалады.
•  Жібіту кезінде температураның көтерілуі ISO талаптарына сай келеді. Құрылғыны жібіту барысында 
тоңазытқыш ішіндегі мұздатылған тағам температурасының жоғарылап кетуін қаламасаңыз, 
мұздатылған тағамды бірнеше қабат газетке ораңыз.
•  Мұздатылған тағамды әбден жібітіп болғаннан кейін қайта мұздатпаңыз.
•  Екі жұлдыз таңбасы салынған бөлімнің (бөлімдердің) немесе екі жұлдыз белгісі бар (
) бөліктің 
(бөліктердің) температурасы, басқа мұздатқыш бөлікке (бөліктерге) қарағанда сәл жоғарырақ.
Екі жұлдызы бар бөлім (бөлімдер) немесе бөлік (бөліктер) құрылғыны жеткізген кездегі нұсқауларға 
және/немесе жағдайларға сай келеді.
Қуатты үнемдеу туралы кеңес
•  Құрылғыны салқын, құрғақ, жеткілікті түрде желдетілетін жерге орнатыңыз. Құрылғыны күн сәулесі 
тура түсетін және қызу көздерінен (мысалы, батарея) жылу тура келетін жерге қоймаңыз.
•  Қуатты пайдалану тиімділігін сақтау үшін саңылаулар мен торларды бітемеуді ұсынамыз.
•  Жылы тағамды тоңазытқыш ішіне қояр алдында салқындатыңыз.
•  Мұздатылған тағамды тоңазытқышқа қойып жібітіңіз. Содан кейін мұздатылған тағамдардың төмен 
температурасын, тоңазытқыштағы тағамды салқындату үшін қолдануға болады.
•  Тағам салғанда немесе алған кезде, тоңазытқыштың есігін өте ұзақ ашпаңыз. Есікті неғұрлым аз 
ашсаңыз, мұздатқышқа барынша аз мұз қатады.
•  Тоңазытқышты орнатқан кезде артқы жағы мен бүйір жақтарынан орын қалдыруды ұсынамыз. Бұл 
қуатты аз пайдаланып, электр қуаты төлемдерін азайтуға көмектеседі.
•  Қуатты барынша тиімді пайдалану үшін себеттер, тартпалар, сөрелер тәрізді ішкі керек-жарақтардың 
барлығын өндіруші көрсеткен жерлерге қойыңыз.
Untitled-32   14
2016-03-17     6:17:52