Samsung DV180F Manuale Utente

Pagina di 156
Негізгі режимдерді пайдалану
Қосымша функциялар
  42
Жазуды кідірту
Жазу кезінде камера бейнені уақытша кідіртуге мүмкіндік береді. Бұл 
функциямен бөлек көріністерді жалғыз бейне ретінде жазуға болады.
•  Жазу кезінде уақытша кідірту үшін [o] түймесін басыңыз.
•  Жалғастыру үшін [o] түймесін басыңыз.
Бейне режимін пайдалану
Бейне режимінде ұзақтығы 20 минутқа дейінгі HD бейнелерін жазу үшін 
баптауларды теңшеуге болады. Камера жазылған бейнелерді MP4 (H.264) 
файлдары ретінде сақтайды. Бұл режим тек камераға жад картасын 
салғанда қол жетімді болады.
•  
H.264 (MPEG-4 part10/AVC) - ISO-IEC және ITU-T халықаралық 
стандарттар ұйымдары арқылы орнатылған жоғары сығылған бейне 
пішімі.
•  
Егер баяу жазу жылдамдықтарына ие жад карталары пайдаланылса, 
камера бейнелерді дұрыс сақтамауы мүмкін. Бейне жазбалары бұзылуы 
мүмкін немесе дұрыс ойнатылмауы мүмкін.
•  
Баяу жазу жылдамдықтарына ие жад карталары жоғары 
ажыратымдылықты бейнелерге қолдау көрсетпейді. Жоғары 
ажыратымдылықты бейнелерді жазу үшін жылдам жазу 
жылдамдықтарына ие жад карталарын пайдаланыңыз.
•  
Егер бейнеге жазу кезінде масштабтау функциясы пайдаланылса, 
камера масштабтау жұмысының шуын жазуы мүмкін. Масштабтау шуын 
азайту үшін жанды дыбыс функциясын пайдаланыңыз. (75-б.)
Басты экранда <Негізгі> тармағына айналдырыңыз.
 таңдаңыз.
Қажетті параметрлерді орнатыңыз. 
Жазуды бастау үшін [Ысырма] басыңыз.
Жазуды тоқтату үшін [Ысырма] қайтадан басыңыз.