Samsung DV180F Manuale Utente

Pagina di 156
Негізгі режимдерді пайдалану
Қосымша функциялар
  44
Тікелей панорама режимін пайдалану
Тікелей панорама режимінде жалғыз фотосуретте кең панорамалық 
көріністі түсіруге болады. Панорамалық суретті жасау үшін суреттер 
сериясын түсіріп, біріктіріңіз.
 Суретке түсіру мысалы
Басты экранда <Негізгі> тармағына айналдырыңыз.
 таңдаңыз.
Кадрдағы нысанды туралап, фокустау үшін [Ысырма
түймесін жартылай басыңыз.
•   Камераны түсіру қажет көріністің ең сол немесе оң жағына, ең үстіне 
немесе астына туралаңыз.
Суретке түсіруді бастау үшін [Ысырма] түймесін басып 
тұрыңыз.
Басылған [Ысырма] түймесі арқылы панораманың 
қалғанын қамтуға мүмкіндік беретін бағытта камераны баяу 
жылжытады.
•   Қозғалыс бағытындағы көрсеткілер көрсетіледі және түсірілетін сурет 
толығымен Қарап шығу терезесінде көрсетіледі.
•   Көріністер тураланған кезде камера келесі фотосуретті автоматты 
түрде түсіреді.
Аяқтаған кезде [Ысырма] түймесін босатыңыз.
•   Барлық қажетті түсірілімдерді қамтыған кезде камера оларды бір 
панорамалық фотосуретке біріктіреді.