Samsung WW9000H Стиральная Машина, Технология Auto Optimal Wash, 10 кг User Manual

Page of 224
Казақ - 8
 АБАЙ БОЛЫҢЫЗ: Пайдалануға қатысты ЕСКЕРТУЛЕР
Кір жуғыш машинаны жуғыш зат, шаң, тағам қалдықтары т.с.с. зат ластаса, ашаны розеткадан суырыңыз да, кір 
жуғыш машинаны дымқыл, жұмсақ шүберекпен тазалаңыз.
•  Бұлай істемегенде, құрылғының өңі кетіп, деформациялануы, бүлінуі не тоттануы мүмкін.
Қатты соққы тисе алдыңғы шынысы сынып қалуы мүмкін.  Кір жуғыш машинаны пайдаланған кезде абай болыңыз.
•  Шынысы сынып қалса, жарақат алу қаупі бар. 
Сумен жабдықтау жүйесіне нұқсан келгеннен кейін немесе су құятын түтікті қайта жалғағаннан кейін судың шүмегін 
баяу ашыңыз.
Ұзақ уақыт пайдаланбағаннан кейін судың шүмегін байқап ашыңыз. 
•  Су құятын түтіктегі не су құбырындағы ауаның қысымы, құрылғының бөлшегін зақымдауы немесе су ағып кетуге 
себеп болуы мүмкін. 
Жұмыс істеп тұрғанда су төгілсе, су төгуге қатысты ақаулықтың бар-жоғын тексеріңіз.
•  Су төгіліп, құрылғы суда қалған кезде оны іске қоссаңыз, электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.  
Кірді салған кезде есікке қысылып қалмайтын етіп, кір жуғыш машинаға әбден салу керек.
•  Егер кір есікке қыстырылып қалса, киімге немесе кір жуғыш машинаға нұқсан келуі немесе су ағып кетуі мүмкін.
Кір жуғыш машинаны пайдаланбаған кезде суды жауып қойыңыз. 
Су құятын түтіктің жалғастырғышының бұрандаларының дұрыс қатайтылғанын тексеріңіз.
•  Бұлай істемеген жағдайда, мүлікке зиян келуі не адам жарақаттануы мүмкін. 
Резеңке тығыздағыш пен алдыңғы есікті ешбір бөгде зат (мысалы, қоқыс, жіп, шаш т.с.с.) ластап тастамауын 
қамтамасыз етіңіз.
•  Есікке бөгде зат қыстырылып қалса немесе есік толық жабылмаса су ағып кетуі мүмкін.
Судың шүмегін ашыңыз да, су құятын түтік жалғастырғышының әбден қатайтылғанын және құрылғыны қолданар 
алдында еш су ақпай тұрғанын тексеріңіз. 
•  Егер су құятын түтік жалғастырғышының бұрандалары босап қалса, су ағып кетуі мүмкін. 
Сатып алған құрылғыңыз тұрмыста қолдануға ғана арналған. 
Құрылғыны коммерциялық мақсатта пайдалану, көрсетілген мақсатта пайдаланбауға жатады.  Бұндай жағдайда, 
өнім Samsung тарапынан берілетін стандартты кепілдік бойынша қарастырылмайды және дұрыс қолданбау 
салдарынан орын алған ақау немесе нұқсанға Samsung компаниясы жауапкершілік көтермейді.   
Құрылғының үстіне шықпаңыз немесе үстіне зат (мысалы, кір, жанып тұрған шамшырақ, тұтатылған темекі, ыдыс-
аяқ, химиялық заттар, темір заттар т.с.с.) қоймаңыз.
•  Бұның нәтижесінде электр, өрт қатері орын алып, құрылғыға нұқсан келуі не адам жарақаттануы мүмкін.  
Құрт-құмырысқаларды құртуға арналған бүріккіш тәрізді тұтанғыш заттарды құрылғыға шашпаңыз.  
•  Бұндай заттар адам үшін ғана қауіпті емес, электр қатерін тудыруы, өрт шығаруы немесе құрылғыға нұқсан 
келтіруі мүмкін.  
Электрмагнитті өріс шығаратын заттарды кір жуғыш машинаның қасына қоймаңыз. 
•  Дұрыс жұмыс істемей, адам жарақат алуы мүмкін.
Жоғары температурамен жуу кезінде төгілген су немесе кептіру циклы ыстық болады.  Суға қол тигізбеңіз. 
•  Күйіп қалуыңыз немесе жарақат алуыңыз мүмкін. 
Untitled-14   8
2016-02-04     5:54:45