Samsung WW9000H Стиральная Машина, Технология Auto Optimal Wash, 10 кг User Manual

Page of 224
Казақ - 20
Кірге қатысты нұсқаулар
ҚАДАМ - 1 - Сұрыптау
Кірді мына критерийлерге сай сұрыптаңыз:
• 
Күтім көрсету жапсырмасы: Жуылатын заттарды мақта мата, аралас талшықтар, синтетика, жібек мата, жүн 
мата және жасанды мата түрлеріне бөліп сұрыптаңыз.
• 
Түсі: Ақ мата мен түрлі түсті маталарды бөліңіз.
• 
Өлшемі: Барабанға өлшемі әр түрлі заттарды араластырып салғанда, жуу нәтижесі жақсарады.
• 
Сезімталдығы: Нәзік матадан жасалған, таза жүн матадан жасалған заттар, перделер және жібек заттарды жуу 
үшін Оңай үтіктеу параметрін таңдаңыз.  Заттардың затбелгілерін қараңыз.
Кір жууды бастамай тұрып, киімдердің затбелгілерін тексеріп, оларды қажетінше сұрыптаңыз. 
ҚАДАМ - 2 - Қалталарды босату
Кірлердің барлық қалталарын босатыңыз.
•  Киімдердегі тиын, түйреуіш, қапсырмалар кірге зақым келтірумен қатар, барабанды да зақымдауы мүмкін. 
Түймелері мен көмкермелері бар киімдердің астарын сыртына қаратып аударыңыз.
•  Егер шалбарлардың немесе курткалардың тартпаларын салмай жусаңыз, барабанға зақым келтіруі мүмкін. 
Тартпаларын салып, баумен байпап бекіту керек.
•  Ұзын баулы киімдердің баулары басқа киімдерге оратылып қалуы мүмкін. Жуу алдында бауларын міндетті түрде 
байлаңыз.
ҚАДАМ - 3 - Кір жууға арналған торды пайдалану
•  Төс тартқыштарды (суға жууға болатын) жууға арналған торға салу керек. Төс тартқыштардың темір бөліктері 
сынып, басқа кірлерді жыртып жіберуі мүмкін.
•  Шұлық, қолғап, колготки және бет орамал тәрізді шағын, жеңіл заттар есіктің айналасына қыстырылып қалуы 
мүмкін, Оларды жууға арналған торға салыңыз.
•  Жууға арналған торды ішіне ешнәрсе салмай жумаңыз. Себебі әдеттен тыс шуыл пайда болып, кір жуғыш 
машина орнынан жылжып, адам жарақат алуы мүмкін.
ҚАДАМ - 4 - Алдын ала жуу (қажет болған жағдайда)
Егер кір қатты кірлеп қалған болса, таңдалған цикл үшін Алдын ала жуу функциясын таңдаңыз. Жуғыш зат барабанға 
қолдан салынған болса, Алдын ала жуу функциясын пайдаланбаңыз.
Untitled-14   20
2016-02-04     5:54:48