Samsung WW9000H Стиральная Машина, Технология Auto Optimal Wash, 10 кг User Manual

Page of 224
Казақ - 22
Жуғыш затқа қатысты нұсқаулар
Автоматты түрде құю
Жуғыш машинаның екі бөліктен тұратын диспенсері бар; сол жақ бөлігі жуғыш затқа арналған, оң жақ бөлігі мата 
жұмсартқышқа арналған. Автоматты түрде құю параметрі жуғыш зат пен мата жұмсартқышты барабанға режимге 
және циклға сай, қажетті мөлшерде құяды.
АБАЙЛАҢЫЗ
•  Автоматты құю құралын пайдаланған кезде, сұйық жуғыш затты және мата жұмсартқышты 
пайдаланыңыз. 
•  Автоматты құю құралының толық орнатылғанына көз жеткізіңіз. Автоматты жуу құралы дұрыс 
орнатылмаса, кір жуғыш машина жұмысын бастамайды.
•  Басқа жуғыш затты пайдаланған кезде, әуелі жуғыш зат салынатын бөлікті міндетті түрде тазалаңыз.
•  Екі бөлікте де жуғыш зат пен мата жұмсартқышты араластыруға болмайды.
•  Жуғыш зат қатқылданып қалуға жол бермеу үшін жуғыш зат салынатын бөлікке жуғыш затты салғаннан 
кейін қақпағын ашпаңыз.
•  Тот басуға әкелетін және/немесе газ пайда болдыратын ағартқыш затты пайдаланбаңыз.
•  Автоматты құю құралын төңкеріп қоймаңыз. Ішіндегісі саңылауларынан төгіліп қалуы мүмкін.
•  Құралды жылжыту барысында Автоматты құю құралының астыңғы жағындағы саңылауды баспаңыз. 
Ішіндегісі ағып кетуі мүмкін.
•  Жуғыш затты және мата жұмсартқышты қосқан кезде абайлаңыз. Ішіндегісі жан-жағына төгіліп қалуы 
мүмкін.
•  Жуғыш затты салмай тұрып Автоматты құю құралын алыңыз.
•  Ақау хабары пайда болғанда немесе көрсетілмей тұрып, қалған жуғыш заттың мөлшерін тексеру 
мақсатында Автоматты жуу құралын алған кезде, құралдың ішінде шамалы мөлшерде жуғыш зат болуы 
немесе астыңғы жағынан ағып тұруы мүмкін.
•  Автоматты құю құралын толық салыңыз. Шегіне дейін жеткізбей салсаңыз, құрал құя алмай қалуы 
мүмкін.
•  Әдетте, Автораспределитель (Авт. құю) функциясы Деликатные Ткани (Нәзік мата), Шерсть (Жүн мата), 
Детские Вещи (Балаға күтім көрсету) немесе Верхняя Одежда (Сыртқы киім) циклдарын сөндіреді.
Осы циклдарда Автораспределитель (Авт. құю) функциясын қосу үшін 
Настройка (Параметрлер) 
Панельдің жылдам жолағы > Автораспределитель (Авт. құю) параметрін түртіп, параметрлерді 
қажетінше өзгертіңіз.
Untitled-14   22
2016-02-04     5:54:48